КГУ "Психолого-медико-педагогическая консультация Турксибского района города Алматы"
Официальный интернет ресурс

Байжигитова З.Е

Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының» әлеуметтік педагогі Байжигитова Забира Ерубаевна

«Балаларды өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларына және гигиеналық дағдыларына үйрету» жайында ата-аналарға кеңес.

Ерекше қажеттіліктері бар балалар өзін-өзі күту дағдыларын меңгеруде ерекше қиындықтарды бастан кешіреді / өз бетінше тамақтану, киіну және шешіну, жалпы гигиеналық дағдылар/. Қозғалыс және ақыл-ой дамуының бұзылуы, күнделікті практикалық өмірде балалардың басынан өткеретін қиындықтар, ата-аналардың шектен тыс қамқорлығы -  осының бәрі өзіне – өзі қызмет көрсету және әлеуметтік бағдарлау дағдыларын меңгеру ынтасын төмендетеді. Өзіне-өзі қызмет көрсетуге мотивацияның болмауы белсенді өмір  салтының себебіне, әрі қарай меңгеруге кедергі болатын факторға айналуы мүмкін.

Өзіне- өзі қызмет көрсету дағдыларын дамытудағы маңызды міндеттердің бірі – баланы горшокқа отыруға үйрету:

-горшок арнайы бөлінген жерде тұруы тиіс / бөлмедегі бұрыш, дәретхана бөлмесінде болғаны жөн/ немесе горшок қол жетімді, тұрақты жерде болуы керек;

-бала горшокта ұзақ отырмауы керек. Еш нәрсе баланың әрі баланы үйрететін ересек адамның назарын аудармауы керек                    /теледидар қосулы немесе ересек адам ұялы телефонды ұстап, сөйлесіп, қарап тұруы т.б./.

-бала «бүлдіріп» қойған жағдайда балаға ұрысудың қажеті жоқ, «дымқыл» шалбарын шешіп, балаңызды горшокқа бірнеше минутқа отыруға шақырасыз / әйтпеген жағдайда балада кешігіп қалса, онда ол туралы   хабарлаудың қажеті жоқ деген қате түсінік пайда болады, әрі бұл дағдыларды қалыптастыруда кері қадам болады/;

-бала дәретін горшокқа толық жасауы үшін, ересек адам баланың шалбарын тездетіп шешіп алуы тиіс / уақыт өте бала дәретін ұзағырақ ұстай алатын болады да, содан кейін шалбарын өзі шешеді/;

           -балалардың шалбары оңай әрі ыңғайлы шешілетін болуы керек.

           Церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды үйрету кезінде қауіпсіздік пен ыңғайлылық ережелерін сақтау қажет:

-горшок нық тұруы, яғни орналасуы тиіс / бұл төңкерілген табуретканы, картонды немесе сүйеніп тұратындай ағаш қорапты пайдалану/;

-бала тіреуді өзі пайдалана ала біліп, еңкейіп, созылып, тартылып, көтеріліп тұра алатындай тұтқалар немесе орындық қажет;

-бала дәретхана орындығына отырғысы / унитазға/ келсе, тепе-теңдік пен қауіпсіздікті  қамтамасыз ету үшін  аяғының астына тірек қою керек.

Записаться на прием

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте