Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация балаларды тексеруды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы болып табылады.
93. ПМПК қызметінің негізгі бағыттары:
1) ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау мақсатында туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру;
2) балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау, жалпы білім беру мен арнайы білім беру ұйымдарында оларды қанағаттандыру жөнінде ұсынымдар беру;
3) ерекше білім беруді қажет ететін бала үшін білім беру бағдарламасының түрін белгілеу;
4) ерекше білім беруді қажет ететін балалар дамуының ауытқуларын болдырмау және жеңу, оларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша отбасына кеңес беру;
5) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдерге, тәрбиешілерге, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының мамандарына консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
6) білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтері туралы ақпарат ұсыну мақсатында білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарымен, қоғамдық ұйымдармен ерекше білім беруді қажет ететін балаларды уақытылы анықтау бойынша бірлескен жұмыс;
7) ерекше білім беруді қажет ететін балалардың есебін жүргізу және жиынтық есептілікті қалыптастыру.
Қажет болған жағдайда мектеп жасындағы балаларға жалпы және арнайы білім беру ұйымдарында сынамалық оқыту жағдайында 3-12 ай ішінде; ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға - ПМПК-да құрылған диагностикалық топтарда диагностикалық зерделеу жүргізіледі. Диагностикалық топтардағы балаларға динамикалық зерделеу психологиялық-педагогикалық жұмыс барысында қажетті қызметтерді көрсетумен жүзеге асырылады.
Балаларды диагностикалық топқа кіргізу, болу мерзімін ұзарту немесе қысқарту, 3 айдан бір жылға дейінгі болу мерзімінің ұзақтығын көрсете отырып, ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
Диагностикалық топтарда дамытушы диагностикалық оқыту күнтізбелік жыл бойы бір жастық немесе әр-түрлі жастық қағида бойынша жеке, кіші топтық және топтық формада ұйымдастырылады.
Заңды мекен-жайы :г. Алматы қаласы , Түрксіб ауданы , М. Физули көшесі , 71, тел:221-35-31