Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының» әлеуметтік педагогі Байжигитова Забира Ерубаевна
«Балаларды өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларына және гигиеналық дағдыларына үйрету» жайында ата-аналарға кеңес.
Ерекше қажеттіліктері бар балалар өзін-өзі күту дағдыларын меңгеруде ерекше қиындықтарды бастан кешіреді / өз бетінше тамақтану, киіну және шешіну, жалпы гигиеналық дағдылар/. Қозғалыс және ақыл-ой дамуының бұзылуы, күнделікті практикалық өмірде балалардың басынан өткеретін қиындықтар, ата-аналардың шектен тыс қамқорлығы - осының бәрі өзіне – өзі қызмет көрсету және әлеуметтік бағдарлау дағдыларын меңгеру ынтасын төмендетеді. Өзіне-өзі қызмет көрсетуге мотивацияның болмауы белсенді өмір салтының себебіне, әрі қарай меңгеруге кедергі болатын факторға айналуы мүмкін.
Өзіне- өзі қызмет көрсету дағдыларын дамытудағы маңызды міндеттердің бірі – баланы горшокқа отыруға үйрету:
-горшок арнайы бөлінген жерде тұруы тиіс / бөлмедегі бұрыш, дәретхана бөлмесінде болғаны жөн/ немесе горшок қол жетімді, тұрақты жерде болуы керек;
-бала горшокта ұзақ отырмауы керек. Еш нәрсе баланың әрі баланы үйрететін ересек адамның назарын аудармауы керек /теледидар қосулы немесе ересек адам ұялы телефонды ұстап, сөйлесіп, қарап тұруы т.б./.
-бала «бүлдіріп» қойған жағдайда балаға ұрысудың қажеті жоқ, «дымқыл» шалбарын шешіп, балаңызды горшокқа бірнеше минутқа отыруға шақырасыз / әйтпеген жағдайда балада кешігіп қалса, онда ол туралы хабарлаудың қажеті жоқ деген қате түсінік пайда болады, әрі бұл дағдыларды қалыптастыруда кері қадам болады/;
-бала дәретін горшокқа толық жасауы үшін, ересек адам баланың шалбарын тездетіп шешіп алуы тиіс / уақыт өте бала дәретін ұзағырақ ұстай алатын болады да, содан кейін шалбарын өзі шешеді/;
-балалардың шалбары оңай әрі ыңғайлы шешілетін болуы керек.
Церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды үйрету кезінде қауіпсіздік пен ыңғайлылық ережелерін сақтау қажет:
-горшок нық тұруы, яғни орналасуы тиіс / бұл төңкерілген табуретканы, картонды немесе сүйеніп тұратындай ағаш қорапты пайдалану/;
-бала тіреуді өзі пайдалана ала біліп, еңкейіп, созылып, тартылып, көтеріліп тұра алатындай тұтқалар немесе орындық қажет;
-бала дәретхана орындығына отырғысы / унитазға/ келсе, тепе-теңдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аяғының астына тірек қою керек.