"Алматы қаласы Түрксіб ауданының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Күзембаева Г.Ж

Күзембаева Гүлсезім Жұпарбекқызы

Алматы қаласы, Түрксіб ауданының Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесінің арнайы педагог маманы.

“Мектеп жасына дейінгі балалардың өміріндегі ойын әрекетінің маңыздылығы”

Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы байқалады.)

 

Записаться на прием

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте