"Алматы қаласы Түрксіб ауданының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" КММ
Ресми интернет-ресурс

ПМПК - психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес

 

Оның құрамына медицина және педагогика мамандары кіреді. Олар: педагог-психолог, мұғалім-логопед, педагог-дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог, әлеуметтік педагог, дәрігер невропатолог, дәрігер психиатр; кейде басқада мамандар қатары.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің (ПМПК) негізгі қызметі - 0-ден 18 жасқа дейінгі дамуында әртүрлі бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерді кешенді тексеруден өткізу. 

ПМПК балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін айқындайды, оларды жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдарында: психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, арнайы балабақшалар (бұзылысына қарай), арнайы мектеп-интернаттары (бұзылысына қарай), аутизм орталықтары, оңалту орталықтарына қанағаттандыру жөнінде ұсыныстар жасайды;

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаға арналған білім беру бағдарламасының түрін белгілейді; Балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсетеді.  

Ата-аналар диагностикалық кеңес беру бөліміне өзінің бастамасы бойынша немесе дәрігерлер мен педагогтардың жолдамасы бойынша жүгіне алады.

Записаться на прием

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте